Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Айгүл Орынбек: Ұлттық мүдде ақшаға сатылмау керек!

Танымал заңгер Айгүл Орынбек саясаткер Мұхтар Тайжанның әрекетін сынға алды, деп жазады paryz.kz ақпарат агентттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Айгүл Орынбек: Ұлттық мүдде ақшаға сатылмау керек!

"2016-2018 жылдары Жер комиссиясы мүшесі ретінде өз жүрген-тұрғаныма, біреуден бір тиын алған емеспін! Жазылған жазбаларыма, көтерген мәселелеріме ешкімнен қаражат алмағанмын деп елдің алдында ашық айта аламын! Егер менің атымды пайдаланып Мұхтар Тайжан Үкіметтен ақша алған болса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп-тексеруді сұраймын!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айгүл Орынбек бұл мәселені не себепті көтергенін түсіндірді.

"Екі күн бұрын Мұхтар ағам өз сұхбаттарында "лоббилік қызметі" үшін ақша алып отырғанын айтты. Жер мәселесін көтеріп жүрген барлық комиссия мүшелері сондай деп ойламас үшін, халық алдында жүзімді ашып алғанды жөн көріп отырмын! “Елдің алдында жүрген белсенділер “заказға” жазады”, “заказ” орындайды”, “біреудің мүдессін ақша үшін мадақтап-мақтайды” деген алып-қашпа әңгімелер осындай кісілердің арқасында шығатынына көзім жетті… “Мал аласы - сыртында, Адам аласы - ішінде”демекші, бұл ағаларымыздың “Жер мәселесі”, кезінде жеке өз пайдасын ойлап жүргені жүректі ауыртты! Жалпы Мұхтар ағамның “бетпердесі” Бадамда Қытай зауыты салынайын деп жатыр деп көмек сұраған кезімде шешілген. Содан кейін-ақ, өзімді ол кісіден алыс ұстауды жөн санағанмын. Жалпы кәсіпкер, иә өз қызметіне ақы алу керек, бірақ ұлттық мүде ақшаға сатылмау керек! Осыны кез келген ел алдында “атойлап” жүрген белсенділер біліп жүріңдер! Жер, Тіл, Ұлт мәселесін өз пайдасына пайдаланып, ақша жасап жүрген адам – мен үшін елін сататын сатқын!", - деді ол.