Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Талас-Атлах шайқасын жаңғырту қажет – Серік Сәлемов

Мұндай пікірді білім саласының белгілі сарапшысы, М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Серік Сәлемов «Qasqa Jol» Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Талас-Атлах шайқасын жаңғырту қажет – Серік Сәлемов
Фото: скриншот

Халқымыз тұтас біле бермейді, бірақ Жамбыл жерінде болған «Талас-Атлах» шайқасының негізінде Қытай әскері кейін шегеріліп, жерімізде ислам діні қалыптасып, тарады. Міне, осы шайқасты тереңірек зерттеп жандандыру керек. Өзім жұмыс істейтін Дулати өңірлік университеті қазір осымен айналысып жатыр. Бұл соғыс жөнінде тарихи фильм де жасауға болады. Бұл идеологиялық маңызы зор шаруа болар еді, - дейді Серік Сәлемов.


Айта кетейік, кейде Талас, кейде Атлах шайқасы деп аталып жүрген қытай және араб әскерінің арасындағы шайқас 751 жылы Тараздан 25 шақырым жерде орын тепкен ежелгі шаһардың қанаттас қаласы – Атлах қаласының маңында өткен.

Араб халифатына билікке келген Аббас әулеті бұл уақытта Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түскен еді. Ал Шығыс Түрік қағанатының әлсірегенін пайдаланғысы келген Тан әскері Таластағы араб иеліктеріне көз тігеді.

Нәтижесінде Атлахта екі қытай мен араб әскері соғысып, елу мың қытай әскері қырылып, ықпалы әлсірейді. Бұл оқиға өңірде, жалпы Орта Азияда ислам дінінің кең қанат жаюына тікелей үлкен әсерін тигізді.

Тарихи маңызы зор бұл шайқас жайлы деректер Қазақстан тарихында деректер қазір өте аз.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Qasqa Jol» Youtube арнасынан көре аласыз.