Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Биыл жұрт қаржы пирамидаларына 8 млрд теңге шашқан

"Арыз жазайық десек, алдаған компаниялар Қазақстанда тіркелмеген. Олардың бас кеңсесі Украинада екен", - дейді алданып қалған азамат.

Биыл жұрт қаржы пирамидаларына 8 млрд теңге шашқан
Фото: ашық дереккөз

Отандастарымыз биыл қаржы пирамидаларына 8 млрд теңгеден астам қаражат салған, деп хабарлады paryz.kz.

Соған қарамастан, ел ішінде оңай пайдаға кенелгісі келетіндер азаяр емес. Қаржы пирамидасының қармағына түсіп қалған Бақытжан Жүнісбеков те сол өкінішін айтты.

"Арыз жазайық десек, алдаған компаниялар Қазақстанда тіркелмеген. Олардың бас кеңсесі Украинада екен. Кейін олар қайтарып береміз деп уәде берген болды. Бірақ әлі күнге дейін бір тиын бермеді", - дейді алданып қалған азамат.

Алаяқтар қазір инвестициялық немесе тұрғын үй кооперативтерін құру арқылы баспанаға ауыз салған. Тіпті желілік маркетинг, туристік клубтар ашып та адамдардың қомақты қаражатын иемденіп жүр. Алайда, қаржы пирамидаларының ғұмыры да қысқа болып келеді. Олар көбінесе орташа есеппен 2 немесе 3 ай ғана жұмыс істейді.