Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Жігерленіп айта алмайды": Жүрсін Ерман митингке шығатындарды сынады

"Төңкеріс, көтеріліс аңсап отырғаным жоқ. Халық самарқау болғаннан кейін билік ойына келгенін істейді..." - деп биліктің кей істеріне көңілі толмайтынын жеткізді.

"Жігерленіп айта алмайды": Жүрсін Ерман митингке шығатындарды сынады
Фото: ашық дереккөз

Ақын Жүрсін Ерман қит етсе митингке шығушылар туралы ойын білдірді, деп хабарлады paryz.kz, oinet.kz.kz-ке сілтеме жасап.

"Жақында Алматыда Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдында митинг болды. Мен үйде отырып, тікелей эфирден бастан-аяқ көрдім. Митингке шығу мәдениеті де жоқ бізде. Митингке барған қазақ азаматтары талаптарын дұрыс айта алмайды. Жігерленіп айта алмайды. Әшейін көрініп кетейін деген ой. Біз жалпы самарқау халықпыз ғой. Қанымызда бар өзі. Бір жөні болар деп жүре береміз. Қашанғы жөні бола береді?" – деді Жүрсін Ерман.

Ақын қырғыз халқының митингісіне таң қалатынын айтып, олардың белсенді екендерін тілге тиек етті.

"Қырғыздар қандай белсенді халық?! Мәселе олардың Президенттерін қуып жібергенінде емес. Саяси белсенділіктеріне риза боласың. Төңкеріс, көтеріліс аңсап отырғаным жоқ. Халық самарқау болғаннан кейін билік ойына келгенін істейді", – деп биліктің кей істеріне көңілі толмайтынын жеткізді.