"Еңбек маймылды адам қылған" демекші, Божко да түзеліп, адам болар", - деп жазды Алмаз Тұрғынбай.
Жақында әлеуметтік желіде Кирилл Божконың дәретхана тазалап жүрген видеосы тарады, деп хабарлады paryz.kz, Facebook-тегі Алмаз Тұрғынбай есімді азаматтың парақшасына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, YouTube арнасында Кирилл Божко есімді рудныйлық тұрғын украиналық блогермен пікірсайыс кезінде қазақ халқының ар-намысына тиіп, қазақты "маймыл" деп, тілін "маймылдың тілі" деп кемсіткен болатын. Бұл біраз жұрттың ашуына тиген еді. Осыған байланысты Қостанай облысының Полиция департменті Кирилл Божкоға қатысты тергеу амалдарын жүргізген. Соңында сот нәтижесі бойынша Божко бас бостандығынан айырылған еді.
"Осы жылы қазақты маймылға теңеп, әдепсіздік танытқан Кирилл Божко бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу орнында қажырлы еңбек етуде. "Еңбек маймылды адам қылған" демекші, Божко да түзеліп, адам болар", - деп жазды Алмаз Тұрғынбай.