Түптеп келгенде, шетелдік урбанист пен қазақстандық рекордшы ұсыныстарының мағынасы бір емес пе, иә?..
Белгілі кәсіпкер, "BI-Group" құрылыс компаниясының негізін қалаушы Айдын Рахымбаев Facebook-тегі парақшасында саябақтарға мектеп салу туралы идеямен бөлісті. Себебі, оған урбанист Рикардо Андреа қалаларды көгалдандыру мен жайлылыққа қатысты ұсыныс айтыпты. Содан өзінше ой түйген Айдын Рахымбаев саябақтарға елеулі өзгеріс енгізу үшін көптің талқысына жүгінген, деп жазды paryz.kz.
"Мен пікірлер екіге бөлінеді деп болжаймын: ата-аналар оқушыларымен бірге қолдайды, ал отбасында мектеп оқушылары жоқтар қолдамайды", - деп түйіндеді ол сөзін.
Айтқанындай, осы орайда жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 90-жылдары Гиннестің рекордтар кітабына 7 рет тіркелген, 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күнде Сахараны (Африка, 1700 км), Австралиядағы Виктория шөлін, үстінен құс ұшпайтын Мохави шөлін (Невада, АҚШ) жүгіріп өткен ел мақтанышы Марат Жыланбаев мынадай пікірін "топ еткізді":
Ал, бұған көпшілік не дер екен? Түптеп келгенде, шетелдік урбанист пен қазақстандық рекордшы ұсыныстарының мағынасы бір емес пе, иә? Бұл ретте сондай саябақтардың бір-бір бұрышына мектеп салып, балалардың еркін оқуына "BI-Group" компаниясы қазір-ақ мүмкіндік жасағысы келіп отыр. Егер бұқара қолдап, билік мұрсат берсе...