Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Елде айына тамақтануға 15 мың теңге жұмсайтын кедейлердің саны артқан

2020 жылдың үшінші тоқсанында кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында тіркелген.

Елде айына тамақтануға 15 мың теңге жұмсайтын кедейлердің саны артқан
фото: azattyq.org

Қазақстанның әр аймағы мен елді мекендерде халықтың табысы әртүрлі. Nur.kz журналистері ең төмен және ең жоғары табыс табатын қазақстандықтар қай өңірде екенін және бір жыл ішінде Қазақстанда кедейлік деңгейі қаншалықты өскенін анықтады, деп хабарлады paryz.kz.

Қазақстанда кедейлік шегі жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 70%-ын құрайды. Бұл Қазақстанның әр аймақтарында бір адамға өмір сүруге қажетті ең төменгі мөлшердің айырмашылығына байланысты аздап ерекшеленеді. Мысалы, қазіргі уақытта 32 668 теңгеге тең зейнетақы мен жәрдемақыны есептеу үшін белгіленген республикалық күнкөріс минимумын алайық. Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін отбасылар әр мүшеге 22 868 теңгеден аз ақша табады екен.

Алайда, Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, кедейлік шегінен жоғары, бірақ, күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатын адамдар да кедейлер қатарына кірді. Биылғы жылдың үшінші тоқсанының қорытындылары бойынша, біздің елде мұндай халықтың үлесі 5,7% болды. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 4,5% еді.

Ұлттық статистика бюросы мамандарының сараптауынша, 2020 жылдың үшінші тоқсанында кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында тіркелген. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен жергілікті тұрғындардың саны - 11,2%. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ол 10,8% болған. Екінші орында кедейшілік деңгейі 8,3%-бен Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш едәуір өскен. Өткен жылы ғана 5,3% еді. Үштікке Жамбыл облысы кіреді - 7,2%. Онда кедейлік деңгейі 5,3%-дан өскен.

Кедейшіліктің ең төменгі деңгейі Қазақстанның астанасы - Нұр-Сұлтан қаласында - 2%. Бірақ жыл сайынғы көрсеткіш бойынша өскен. Өткен жылдың осы кезеңінде кірісі күнкөріс деңгейінен төмен елорда тұрғындарының саны 1,8%-ды құрады.

Қарағанды облысы да елдің кедей аймақтарының қатарына кіреді - 2,9%. Кедейшілік деңгейі 2,2%-дан өсті. Одан кейінгі орында Атырау облысы - 3,6%. Онда бұл көрсеткіш 2,4%-дан өскен. Алматы қаласы тіпті кедей емес аймақтардың үштігіне кірмеген. Онғағы деңгей - 5,7%. Өткен жылы алматылықтардың кедейлік пайызы едәуір төмен болды - 2,6%. Шымкентте де кедейлік деңгейінің 3,5%-дан 5,6%-ға дейін өсуі тіркелген.

Кедейшілік деңгейі Қазақстанның басқа аймақтарында да өсті: Алматы облысында 3,1%-дан 3,8%-ға дейін; Батыс Қазақстанда 3,7%-дан 4,1%-ға дейін; Қостанай облысында 4%-дан 4,6%-ға дейін; Ақтөбе облысында 4%-дан 5,2%-ға дейін; Ақмола облысында 5,1%-дан 5,2%-ға дейін; Маңғыстау облысында 4,3%-дан 5,7%-ға дейін; Қызылорда облысында 4,4%-дан 7%-ға дейін.

Шығыс Қазақстан облысы кедейлік деңгейі төмендеген жалғыз аймақ. Осы жылдың үшінші тоқсанында табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдардың саны 6,4% болса, ал былтыр бұл көрсеткіш 6,5% еді.

Ұлттық статистика бюросының сарапшылары осы жылдың үшінші тоқсанында кедей халықтың 10%-нан "орташа" қазақстандықтар мен ауқатты топтың орташа өкілі жасаған шығындар деңгейін салыстырды. Талдау көрсеткендей, ең кедей қазақстандықтар айына бір адамға тамақтануға орташа есеппен 15 090 теңге жұмсаған. Ал ең бай адамдар үшін бір тұтынушыға орташа есеппен 74 698 теңге болды. Кедей топтан шыққан орташа қазақстандықтар ай сайын азық-түліктік емес тауарларға 5 691 теңге, ал бай топтан шыққандар 38 877 теңге жұмсады.

Сондай-ақ, үшінші тоқсанда ақылы қызметтерге халықтың кедей тобының өкілдері бір адамға орта есеппен айына 3 452 теңге, ал ең ауқатты топ өкілдері 21 668 теңге жұмсаған. Есептеулер кезінде Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың ресми кірістері мен шығыстарын пайдаланды. 2020 жылы кедейліктің қандай деңгейде болғанын қорытынды жасалғаннан кейін білетін боламыз.

Еске сала кетсек, келер жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері, базалық зейнетақы және басқа көрсеткіштер өзгереді.