Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Мереке күндері елордада санитарлық рейдтер күшейтіледі

Жалпы сомасы 229 377 234 теңге болатын 1167 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мереке күндері елордада санитарлық рейдтер күшейтіледі
фото: ашық дереккөз

Мереке күндері карантин режимінің бұзылуын анықтау бойынша мобильді топтар жұмысы күшейтіледі. 14 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына полициядан карантинді бұзған адамдарға қатысты 2271 материал келіп түсті, деп хабарлады paryz.kz.

Жалпы сомасы 229 377 234 теңге болатын 1167 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілгені хабарланған болатын. Олар - "SOVA" караоке-бары, "Жаным Сол" караоке-бары, "Alanya" түнгі клубы, "Teqila" лаундж-бары, "Echo" бары, "Золото" мейрамханасы.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері соттан олардың қызметін 3 айға дейін тоқтата тұруға өтінім жібереді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшеде және көпқабатты үйлердің аулаларында, әсіресе, ойын-сауық мекемелерінің алаңдарында және басқа да азаматтардың жаппай демалатын орындарында патрульдер ұйымдастырылады. Көшедегі патрульдік бөлімшелердің тығыздығы арттырылған.