Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Өскеменде әйел құдыққа түсіп кетіп, онда бірнеше сағат отырған (ФОТО)

"Құдық терең болғандықтан, ересек адам да өздігінен шыға алмайды", - дейді құдық орналасқан көшенің тұрғыны Юлия.

Өскеменде әйел құдыққа түсіп кетіп, онда бірнеше сағат отырған (ФОТО)
Фото: yk-news.kz

Өскеменде беті ашық қалған құдыққа жергілікті тұрғындардың бірі құлап кеткен, деп хабарлады paryz.kz, yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым ұсынған мәліметке сәйкес, бірнеше сағат бойы көмек шақырған әйелді сол маңдағы адамдар естіп қалып, құдықтан шығарып алған.

"Біз біреудің айғайлағанын естідік. Одан кейін қоршаудың арғы жағына секіріп, көмек беруге тырыстық. Бұл қорқынышты! Құдық терең болғандықтан, ересек адам да өздігінен шыға алмайды", - дейді құдық орналасқан көшенің тұрғыны Юлия.

Белгілі болғандай, құдыққа құлаған әйел суықта 3 сағат отырыпты. Көктемнен бері ашық жатқан құдыққа байланысты қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді.

"Кузнечная көшесіндегі люктерді мердігер ұйым 2020 жылдың жазында орнатқан. Люктің қақпағы ұрланған сияқты. Енді оның бетін жабу қолға алынды", - деді ведомство өкілдері.