Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Түркістанда темір сыдырма жұтып қойған сәби аман қалды

Жаплпы, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жыл басынан бері бөгде затты жұтып қойған 1330 сәбиді құтқарған.

Түркістанда темір сыдырма жұтып қойған сәби аман қалды
Фото: ашық дереккөз

Түркістан қаласында 7 айлық сәби киімнің темір сырдырмасын жұтып, қақалып қалған. Тынысы тарылып, тұншыға бастаған баланың ата-анасы дереу жедел жәрдем шақыртқан, деп хабарлады paryz.kz, inform.kz-ке сілтеме жасап.

Шақыртуға 9 минутта жеткен құтқару тобы шұғыл түрде сәбидің тамағынан бөгде затты шығарып алады. Оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіп, тиісті медициналық тексеру шаралары жүргізілген. Қазір нәрестенің өміріне еш қауіп жоқ.

Жаплпы, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жыл басынан бері бөгде затты жұтып қойған 1330 сәбиді құтқарған. 600-ге жуық ересек азамат та медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.