Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Елордалық азамат көлігімен Ресей елшілігінің шлагбаумын соқты

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Елордалық азамат көлігімен Ресей елшілігінің шлагбаумын соқты
Фото: ашық дереккөз

Бүкіл интернет желілері орыс депутатының сөзін талқылап жатқанда, елордадағы Ресей елшілігінің шлагбаумына көлік соғылды, деп хабарлады paryz.kz, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 14 желтоқсан күні болған. Полицияның мәліметінше, "Лада Ларгус" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Тәшенов көшесінен Бараев көшесіне қарай бара жатқан жолда мұзға тайып, рөлді басқара алмай, жолдың оң жағына сырғып кеткен. Жол апаты салдарынан көлік Ресей елшілігінің шлагбаумын соғып, майыстырған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Тағы оқи отырыңыз: "Солтүстік Қазақстан - қазақтың жері!": Белсенділер Ресей елшілігінің қақпасына плакат ілді

"Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", - делінген хабарламада.