Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Сағынамын..." Әйелінен ерте айырылған ер адамның әңгімесі жұртты жылатты

Интернетте әйелін сағынған ер адамның әңгімесі талқыға түсті. Тіпті жұрт оның оқиғасына көңілі босап, сабырға шақыруда, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

"Сағынамын..." Әйелінен ерте айырылған ер адамның әңгімесі жұртты жылатты
Фото: ашық дереккөз

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан көлікте отырған ер адамның сағынышты оқиғасын естисіз. Ол өзінің әйелінен ерте айырылғанын айтады. Тіпті орта жасқа келіп, келіншегімен қол ұстаса нағыз өмір сүретін сәтте жалғыз тастап кеткеніне қапалы.

Керемет адам еді. Адам неге өледі. Нағыз өмір сүретін кезде. Орта жасқа келгенде ер адамды жарынан айырмасын деп қазақ бекер айтпаған екен. Сағынамын, — дейді ер адам бейнежазбада.

Ер адамның сағынышты әңгімесіне жазылған пікір көп. Басым бөлігі оны сабырға шақырса, өзгелері әр адамды тірі кезінде бағалайық деген ойын айтуда.