Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан облысында анасы оқушы қызын 600 мың теңге қалыңмал үшін күйеуге берген

Түркістан облысында 15 жасар қыздың әкесі полицияға арызданып, бұрынғы әйелінің қылмысын дәлелдегісі келеді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Түркістан облысында анасы оқушы қызын 600 мың теңге қалыңмал үшін күйеуге берген
Фото: ашық дереккөз

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің жазуынша, қыздың анасы мен әкесі ажырасып кеткен, бірақ әкесі қызы үшін алимент төлеп отырған. Әкесінің мәліметінше, бұрынғы әйелі кәмелет жасына толмаған қызын алып қашқандарды 600 мың теңге қалыңмал үшін кешіре салған.

«2022 жылдың соңында, не қараша айында, не желтоқсан айында қызымды Жетісай ауданына алып қашып, «беташар» жасаған, осылайша, оны еркінен тыс мен танымайтын жігітке тұрмысқа берген. Мен қызымды алып қашып кеткенін 2022 жылдың 30 желтоқсанында әлеуметтік желідегі ақпараттан білдім. Анасына қоңырау шалғанымда ол растады, ал жігіттің кім екенін тіпті білмеймін де, оның желідегі бірнеше суретін ғана көрдім», - дейді ер адам.

Қазір қыздың әкесі жігітті Қылмыстық кодекстің бірнеше бабын бұзғаны үшін жазалауға әрекеттеніп жатыр.

«Адамды еркінен тыс ұрлағандар Қылмыстық кодекстің 125-бабымен жазалануы керек, ал жасы он алтыға толмаған қызбен неке қию Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша жазалануы керек. Қызды қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша алып қашу – адамды бұл жазадан босата алмайды», - дейді қыздың әкесі.

Қазір осы факт бойынша қыздың әкесі Түркістан облысының полиция басқармасына арызданғаны белгілі. Полиция тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.