Жаға ұстатар видео шамамен бір апта бұрын түсірілген.
Каспийде су бетінде жүрген үйректерді моторлы қайықпен аяусыз басып өткен жастар ұсталды. Қазіргі уақытта полиция мәселенің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған видеода Каспий теңізінде үлкен жылдамдықпен келе жатқан моторлы қайық су бетінде қалың үйірімен жүрген жабайы үйректердің үстінен қасақана басып-жаншып өте шығады. Видеода қайық соңында ондаған құстың өлігі шашылып қалған судың қып-қызыл қанға боялғаны анық көрінеді.
"Маңғыстау облысының полициясы екі ер адамның жеке басын анықтады. Олар қазір Түпқараған ауданының полиция бөлімінде жатыр, онда не болғанын және қалай болғанын айтады", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаға ұстатар видео шамамен бір апта бұрын түсірілген. ҚР ҚК-нің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездікпен қарау") бойынша жастарға қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.