"Біз - бостандық ұрпағымыз. Біз 1986, 2011 жылдары болған репрессия мен халыққа қарсы қылмысты еш ұмытпаймыз әрі билікті кешірмейміз...".
Бүгін таңертең Алматы қаласы әкімдігінің алдындағы жерде "Ұмытылмас 1986 2011" деген жазу пайда болды. Оған таяу тұста #qazaqkoktemi деп жазылған. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде Rukh2k19 тобы хабарлады, деп жазды paryz.kz.
"Біз - бостандық ұрпағымыз. Біз 1986, 2011 жылдары болған репрессия мен халыққа қарсы қылмысты еш ұмытпаймыз әрі билікті кешірмейміз. 2020 жылғы 16 желтоқсанда сағат 12:00-де республикамыздың алаңдарында біз, қазақстандықтар, өзгерістер үшін бірігеміз!" деп жазылған Rukh2k19 мәлімдемесінде.