Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қағазды қырқып, Тоқаевтың портретін жасаған ресейлік жігіт жұртты таңғалдырды

Ресейдің Новосибирск қаласынан шыққан сиқыршы-иллюзионист әрі блогер тағы бір талантымен өз оқырмандарын тәнті етті. Бұл жолы жас жігіт , санаулы уақыт ішінде кәдімгі А4 форматтағы қағазды қайшымен қиып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың портретін жасап шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Қағазды қырқып, Тоқаевтың портретін жасаған ресейлік жігіт жұртты таңғалдырды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл өнерін ол ТікТок-тағы парақшасында көрсетті.

Михаил Хам есімді блогер бұған дейін сиқырлық өнерімен көзге түскен. Тіпті түрлі байқауларда бағын сынап, өзінің шоу бағдарламасымен шығармашылық кешін де өткізді.

Ол бұған дейін де қағазды қиып, Гарри Поттер, Егор Крид секілді танымал кейіпкерлер мен адамдардың портретін жасаған. Тек бұл жолы оқырманның өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевтың портретін жасауды жөн көріпті.

Айтпақшы, сіздер білесіздер ме? Қазақстанда 130 түрлі ұлт өкілдері өмір сүреді. Сонымен қатар Қазақстан — алма мен қызғалдықтың отаны. Меніңше, ұқсайды (Президент портреті — ред),

деп жазып қойған видеоға өнерлі жігіт.