Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Жамбыл облысында банк қызметкері клиенттердің 75 млн теңгесін жымқырған

Әрбір әрекетін тек түбіртекпен істеп отырған.

Жамбыл облысында банк қызметкері клиенттердің 75 млн теңгесін жымқырған
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында салымшылардың қомақты қаражатын қолды қылған бұрынғы банк қызметкері 6 жылға сотталды, деп хабарлады paryz.kz, Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Меркі ауданында Алматы қаласының 42 жастағы тұрғыны банк салымшысының ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Алаяқ әйел банкте бөлімше директоры болып жұмыс істеген және клиенттердің ақша жинағы туралы мәліметті жақсы білген.

2016 жылы күдікті қор биржасында ақша табу сылтауымен салымшы әйелдің бірінің сеніміне кіріп, одан 100 мың доллар алған. Бір айдан кейін алаяқ әлгі әйелге тағы да хабарласып, 30 мың доллар алады. Өзіне сенген әйелдің банктегі шотында қаражат қалмағанын түсінген алаяқ сол кезде жәбірленушінің анасының шотында жиналған 27 млн теңгені шешіп алуды ұсынады.

Ол алынған соманы көбейтіп қайтаруға уәде берді. Мұнымен тоқтап қалмаған алаяқ банктің салымшысы болған жергілікті кәсіпкердің сеніміне кіріп, дағдылы әдетімен оның 3 млн 500 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген, алған ақшаны жақын арада пайызымен қайтаруға уәде береді.

"Әрбір әрекетін тек түбіртекпен істеп отырған. Әйел ақшаның бизнесменнің шотында тұрғанын айтып сендіреді. Алайда, ештеңеден күдіктенбеген ер адам екі аптадан кейін банкке келіп, шотында ақша жоқ екенін көреді", - делінген ПД хабарламасында.

Бұл дерек ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді. Сот үкімімен әйелге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және қаржы ұйымдарында ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыру түріндегі жаза тағайындалған.