Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақмола облысында бір отбасы толығымен өрттен қаза тапты

Ақмола облысында үш адамнан тұратын отбасы өрттен қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі 716.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында бір отбасы толығымен өрттен қаза тапты
фото: www.fox13now.com

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Атбасар ауданы Сочинское ауылында 2 пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шыққан.

Оқиға орнына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, «Шортанбай-2019» ЖШС ерікті өрт сөндіру жасағы және жергілікті тұрғындар дереу аттанды - деді Атбасар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерболат Әшкенов.

Белгілі болғандай, №1 пәтердегі 80 шаршы метр аумақтан шыққан өрт 10 шаршы метрлік №2 пәтерге ауысқан. Өрт түнгі сағат 4:59-да оқшауланып, 5:35-те өшірілді.

Өрт орнынан үш адамның: 32 жастағы ер адамның, 31 жастағы әйел мен екі жасар баланың мәйіті табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды - делінген хабарламада.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар депатаменті қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Төтенше жағдайда «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.