Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ауылдастарын ұрып-соққан полицей қызметінен қуылды

Павлодар облысында бірнеше адамды ұрған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ауылдастарын ұрып-соққан полицей қызметінен қуылды
фото: baigenews.kz

Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қызметтік тәртіпті бұзғаны және құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Ақтоғай ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы "Құқық қорғау қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 13-тармақшасы бойынша ішкі істер органдарынан босатылды - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы учаскелік полиция қызметкерінің бірнеше адамды ұрып-соғу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді.

Ақпарат бұдан бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, 5 ақпанда Ақтоғай ауданы Ақжол ауылының учаскелік полицейі ауылдастары мен әйелін ұрып-соққан, сондай-ақ қызметтік автокөлікпен мас күйінде жүріп, өзін тоқтатуға тырысқан тұрғындарға шабуыл жасаған.