Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ақмола облысында жұмыс істемейтін шахтада екі адамның денесі табылды

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінің жұмыс істемейтін шахтасындағы үйінділердің астынан екі заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысында жұмыс істемейтін шахтада екі адамның денесі табылды
фото: plasson.com

Қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған.

«Степногорск қаласының полициясына «Центральная» шахтасы кенішінің диспетчерінен 520 көкжиекте кен үйінділерінің астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Материалдарды алғашқы жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталды, олардың бірі – 1986 жылы туған Бестөбе кентінің тұрғыны, бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екіншісі Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны», - делінген Ақмола облыстық полиция департаментінінің хабарламасында.

Куәгердің, сондай-ақ заңсыз алтын іздеушінің айтуынша, ер адамдардың денесі үйілген кендердің астынан табылып, кейін басқа іздеушілердің көмегімен жер бетіне шығарылған.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді (қорғалатын объектіге заңсыз кіру)», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу ісі жалғасып жатыр.