Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Астанадан Шымкентке шыққан әйел пойызда кенеттен қайтыс болды

«Көкшетау – Қызылорда» бағытындағы пойызда жолаушы әйел көз жұмды деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі ІІМ сілтеме жасап.

Астанадан Шымкентке шыққан әйел пойызда кенеттен қайтыс болды
фото: mail.pfoto-rzd.com

14 қаңтарда Жамбыл облысының Сарышаған станциясына жақындағанда «Көкшетау – Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде Астана қаласынан Шымкент қаласына дейін күйеуімен бірге жолға шыққан 54 жастағы азаматша кенеттен қайтыс болды.

Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тексеру барысында әйелдің 2019 жылдан бастап Астана қаласы ауруханаларының бірінде созылмалы аурумен есепте тұрғаны анықталды.

Пойыз жолсеріктерінің келісімімен, күйеуі әйелінің мәйітін оралған күйінде пойыздың жұмыс істемейтін тамбуры арқылы Шымкент станциясына дейін тасымалдап, жеткізген. Ер адам сот-медициналық сараптамадан үзілді-кесілді бас тартты.