Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

БҚО мұнайшылары ереуілге шықты

Батыс Қазақстан облысындағы Sicim мұнай компаниясының 500-ге жуық қызметкері наразылыққа шықты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

БҚО мұнайшылары ереуілге шықты
фото: Ulysmedia.kz

"16 қаңтарда "KKC-Sicim" ЖШС-нің 500-ге жуық қызметкері жалақыны 50%-ға арттыруды талап етіп, жұмыс учаскелеріне барудан бас тартты. "KKC-Sicim" ЖШС Бөрлі ауданының Пугачево ауылында орналасқан, онда 3000-ға жуық адам жұмыс істейді", - делінген Бөрлі ауданы әкімдігінің хабарламасында.

“Мой город” басылымының хабарлауынша, 700-ге жуық адам осы жылдың қаңтар айынан бастап жалақыны 50% көтеруді талап етуде. Ереуіл бейбіт түрде өтіп жатыр.

Соңғы рет кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылдың ақпан айында 8,5%-ға көтерілген. Алдын ала ақпарат бойынша, ереуілге негізінен "Теңізшевройлдың" бұрынғы қызметкерлері шықты, олар өткен жылы қысқартуға түсіп, қазір Sicim-де жұмыс істейді. Жалақыны көтеруден басқа, олар басшылықтан өз мамандықтары бойынша дәрежелерді алып тастауды талап етуде.