Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда үш жігіт ер адамды зорлап, артынша ақшасын жымқырып кеткен

НеМолчи қорының басшысы Дина Смайылова Алматы қаласында үш жігіттің 30 жастағы ер адамды зорлап, ақшасын тартып алғанын мәлімдеді. Сөзінше, зорлықшылар жәбірленушіге психологиялық қысым көрсетіп, дене жарақаттарын келтірген, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Алматыда үш жігіт ер адамды зорлап, артынша ақшасын жымқырып кеткен
фото: massaget.kz

Дина Смайылова ұсынған деректерге сәйкес жәбірленуші 15 қаңтарда түнде шағымданған. Әрі оқиғаны “белгісіз біреулердің тапсырысымен болуы мүмкін” деп топшылады. 

Бұлай деуіміздің себебі зорлықшылар үнемі біреуге қоңырау шалып, не істеп жатқандарын хабарлап отырған. Балағат сөздер мен қоқан-лоқы да гомофобтық сипатта болған. Оған Шариғат талабы бойынша өмір сүру керегін, барша мұсылмандарды ұятқа қалдырғанын айтыпты. Жігіт қарсыласқан. Арада төбелес болыпты, бірақ үш адамға қарсы шыға алмаған – деп жазды ол. 

Жәбірленуші өзін қорлаған ер адамдардың бірі оны алдап, үйіне шақырғанын мәлімдеген.

Ол өзін Жандос деп таныстырыпты. Бірақ сол жерге тағы екеуі келген. Күш қолданатындарын айтып, 500 000 теңге талап етіпті. Арада төбелес болған. Бірақ жігіттің күші жетпеген. Зорлау бірнеше сағатқа жалғасқан. Қатігездікте шек жоқ, соңында оны өлтіретінін айтыпты – дейді ол. 

Дина Смайылованың сөзінше, ер адамдар жігіттен ақша сұрап, банкомат арқылы есепшотынан 100 000 теңге шешіп беруді талап еткен. 

Болған оқиғаға қатысты пікір білдірген полицейлер күдіктілердің 2001 және 2003 жылдары туғанын мәлімдеді.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабы “Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды.  Күдіктілер "ізін суытпай" ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ – делінген хабарламада. 

Полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындаған.