Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жолаушыға тамақ беруден бас тартқан авиакомпанияға 600 мың теңге айыппұл салынды

Ақтөбеде рейсі кейінге қалдырылып, әуежайда қалған жолаушыға тамақ берілмегендіктен, авиакомпанияға айыппұл салынды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі “Диапазон” газетіне сілтеме жасап.

Жолаушыға тамақ беруден бас тартқан авиакомпанияға 600 мың теңге айыппұл салынды
фото: kursiv.kz

Оқиға өткен жылы болған, бірақ сот істі жақында қарады.

"Qazaq AIR" авиакомпаниясының Ақтөбеден елордаға рейсі 4 сағат 40 минутқа кешіктірілді. Кешіктірілген рейстегі жолаушылардың бірі олардан тамақ пен сусын беруді сұрады, бірақ оған бермеген. Жолаушы мемлекеттік органға шағым түсірді.

Нәтижесінде "Qazaq AIR" әуекомпаниясына "тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген кезде жолаушыға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Авиакомпания өкілі істі тоқтатуды сұрады және дәлелдер келтірді.

Компания өкілдері күндізгі уақытта рейстің кешіктірілетінін алдын ала хабарлап, тамақ пен сусын беру туралы хабарландыру жасаған. Алайда бұл жолаушы түн ортасынан кейін сағат 00:40-та тамақ сұрады. Бұл кезде әуежайдағы кафе жабылып қалды. Яғни, авиатасымалдаушының мәлімдеуінше, осы уақытта тамақ алуға мүмкіндік болмады.

Сот бұл дәлелдерді назарға алмады. Судья авиакомпаниялар жолаушыларды тәулік бойы тасымалдайтынын, яғни рейс кешіктірілген кезде тәуліктің кез келген уақытында заңмен белгіленген барлық қызметтерді ұсынуға дайын болуға тиіс екенін және бұл авиакомпанияның міндеті екенін атап өтті.

Әуежайда жолаушыны түнде тамақтандырмағаны үшін "Qazaq AIR" авиакомпаниясына 612 мың теңгеге айыппұл салынды.