Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеруге 95 млрд теңге бөлінеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бұл шара әлеуметтік салаға мамандарды тартуға сеп болмақ.

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеруге 95 млрд теңге бөлінеді

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік ұйымдардың 38,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерінің жалақысы көбейеді, деп хабарлады paryz.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, республикалық бюджеттен алдағы 3 жылға осы мақсат үшін шамамен 95 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы алғанда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1,5 есе, 2022 жылдың 1 қаңтарында қазіргі мәннен 1,75 есе, ал 2023 жылы 2 есе өседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бұл шара әлеуметтік салаға мамандарды тартуға сеп болмақ.

"Бұл жыл барлығына қиын болды. Әлеуметтік қызметкерлер мекемелерде іс жүзінде тұрып, ерекше контингентпен жұмыс істеді. Біз олардың еңбегін бағалаймыз және маңызын түсінеміз. Бұл шара әлеуметтік салаға мамандарды тартуға, қызметкерлер тапшылығын азайтуға және кадрлық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз", – деді министр.