Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтауда шетел азаматы қару-жарақ және есірткімен ұсталды

Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп және ІІМ "Бүркіт" арнайы бөлімшесін тарта отырып, есірткі заттарын өткізуге қатысы бар күдіктіні қолға түсірді, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтауда шетел азаматы қару-жарақ және есірткімен ұсталды
фото: Маңғыстау облысы ҰҚКД баспасөз қызметі

Шетел азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, яғни есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша қылмыстық іс қозғалды.