Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Арзанқол "Найман арағы" санитайзерлердің бірі болып шықпасын..." - Сорокин

Айтуынша, ол өнімнің пайда болуы пандемияның пайда болуымен және қалаға көптеген дезинфекциялық қосылыстардың әкелінуімен сәйкес келеді екен.

«НАЙМАНСКАЯ ВОДКА» «Найманская водка» - так называют спиртосодержащую жидкость в огромных количествах продающуюся на...

Опубликовано Василием Сорокиным Вторник, 8 декабря 2020 г.
"Арзанқол "Найман арағы" санитайзерлердің бірі болып шықпасын..." - Сорокин
фото: tengrinews.kz

Василий Сорокин есімді азамат Facebook-тегі парақшасына жақында өзінің досымен ШҚО жақта "Найман арағы" деп аталатын ішімдік ішкенін жазды. Бес литрлік құтыдағы арақтың қақпағы берік бекітілмеген, иісі жоқ, түсі де мөлдір емес бірдеңе көрінеді. Ал жазба авторы оны кркнтин кезінде пайда болғандықтан, коронавирусқа қарсы қолданылатын сұйықтық емес пе екен деп күдіктеніп отыр, деп жазды paryz.kz.

"Найман арағы". "Алтын Ордада" және соның айналасында сатылатын алкоголі бар сұйықтық осылай деп аталады. Ол бес литрлік пластикалық құтылармен, сондай-ақ, құйылмалы түрде сатылады. Өзінің ақылға қонымсыз арзандығымен халық арасында үлкен сұранысқа ие... Бұл ақпараттармен менің туған күнімде досым "таныстырды". Бұдан бөлек, ол осы "керемет сусынның" ерекшелігін айтты. Сөйтсем, мен оны жақында ғана соның үйінде қонақта болғанда ішіппін. Суша сіміріледі, иісі жоқ, көзді бұлдыратпайды", - дейді Василий Сорокин.

 

Содан оған аталған "ащы судың" қайдан пайда болғаны қызығушылық тудырған.

"Біріншіден, ол бес литрлік пластикалық ыдыста (қақпағы бекітілмей, қарапайым жабыла салған). Екіншіден, ешқандай жапсырма, өндірушінің сәйкестендіру белгілері, құрамы, тіпті, басқа да акциздік маркалары жоқ. Үшіншіден, күштілігі тура 25 градус болды. Жоғары дәлдіктегі спиртометрмен тексерілді (бұл дегенің жеңіл ішіледі). Бұл арақ емес! Арақ 40 градустан кем болмауы керек. Сонда бұл не? Бұндай арзанқол нәрсені мен халықтық сусын деп есептемеймін", - деді ол одан әрі.

Айтуынша, ол өнімнің пайда болуы пандемияның пайда болуымен және қалаға көптеген дезинфекциялық қосылыстардың әкелінуімен сәйкес келеді екен.

"Мұндай сұйықтықпен қоғамдық көліктер (соңғы аялдамаларда), тротуарлар, қоғамдық орындар және т.б. шайылмаушы ма еді? Бұл бәлен мыңдаған санитайзерлердің ішіндегі бірдеңе емес пе? Осы тақырыпта кім жауап береді? Мынау қандай "арақ" өзі?! Мүмкін менікі қате шығар, сондай-ақ, босқа дабыл қағып отырған болармын?.. Бірақ бұл ретте сауда ережелерінің өрескел бұзылғаны айқын", - деп аяқтады жазбасын Василий Сорокин.

Кейін бұл арақтың жарнамасы интернетте толып тұрғанын көрдік. Бір сайтта, тіпті, "Найманның көз жасы" деген атаумен берілген. Келісімді бағасы 2100 теңге тұрады екен.

 

Дегенмен, бұған дейі н ру аттары жазылған сырадан сімірген жұрттың не ішіп жүргенін білмесе де, оған "Найман арағы" деп ат қойып, айдар тағып жүргендері ыңғайсыз-ақ екен. "У ішсең – руыңмен" дегеніміз осы-ау...