"7-20-25" бағдарламасына бөлінетін қаражаттың көлемін арттыру керек. Бұл туралы белгілі блогер, экономист Дәулет Мұқаев “Біздің мақсат” бағдарламасында айтты.
"Президент "7-20-25 жалғасады" деді, жалғастыру керек деп жағымпаздардың жасап отырғаны осы!!!
Кеше бақытты отбасы жырын айттым. Енді "7-20-25" жайлы шындық!
Бұл бағдарлама 2018 жылы шыққанда үйдің лимиті 25 миллион теңге еді. Ол кезде Алматы, Астана болсын 3 бөлмелі үй алуға болатын еді. Енді қараңыздар, қазірдің өзінде 1 бөлме табу қиын. 2029 жылы 25 миллионға қандай үй келер екен? Пәтер бағасы болса жылдан жылға өсуде.
Жылына 100 млрд ақша бөлінеді 7 жылға 700 млрд қана. Дәл осы бағдарламаға 2018-19-20-21-22 жылы 5 жылға 1 триллион теңге бөлінді. Оның өзінде 140 миллиарды осы жылға қалған еді))) Не істеді? Істегендері видеода...", деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.