Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тағы да қыздар төбелесі: Алматы облысында 16 жастағы колледж студенттері жаға жыртысты

Талдықорғандағы қыздардың төбелесінен кейін әлеуметтік желілерде бірнеше қаладағы қыздардың жаға жыртысқан видеосы таралып кетті. Алматы облысының Ұзынағаш ауылында екі қыз жаға жыртысып қалған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Тағы да қыздар төбелесі: Алматы облысында 16 жастағы колледж студенттері жаға жыртысты
фото: egovpress сайтынан скриншот

Кәмелетке толмаған бойжеткендер полицияға жеткізілді. Екеуінің де жасы 16- да. Бірі Ұзынағаштағы Жамбыл Жабаев атындағы колледжде, екіншісі Ұзынағаш медициналық колледжінде оқиды.Алматы облысында 16 жастағы бойжеткендер жаға жыртысты

Бейнежазба желіге тарағаннан кейін полиция мән-жайды анықтаған. Оқиға бір ай бұрын орын алған. Желі қолданушылары қыздарды қатаң жазаға тартуды талап етуде.

Алматы облыстық полициясының баспасөз қызметінің айтуынша, қыздар қазір татуласқан. Олардың ата-аналарына тек айыппұл салынып, іс жылы жабылуы мүмкін.

Оқиға 2022 жылдың 03.12.2022 жылы болған. Аталған дерек бойынша оқу орнының әкімшілігі полиция қызметкерлерінің қатысуымен тексеру жүргізді. Сондай-ақ студенттердің ата-аналары шақырылып, екі жақтан да түсініктемелер алынды. Қазіргі уақытта 16 жастағы оқиғаға тікелей қатысы бар жасөспірімдерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде – деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сайділдин.