Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Қызғаныш себеп болды»: Үш айлық сәбидің пышақталу оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты

Жетісу облысында үш айлық сәбидің пышақталу оқиғасына қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Қызғаныш себеп болды»: Үш айлық сәбидің пышақталу оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты
Фото: ашық дереккөз

Панфилов ауданы әкімдігінің мәліметінше, қара жамылған отбасының бес баласы бар. Көпбалалы ана қайғылы оқиға орын алатын күні үш айлық бүлдіршінді алты жасар баласының қарауына қалдырған көрінеді.

Сол уақытта әлі ес кірмеген бала туған қарындасына үш жерден пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған сәби үлкендер үйге жеткенше жан тапсырыпты. Отағасы жұмыста болған. Мұндай сұмдықты жасады деген баланың психологиялық ауытқуы жоқ.

Бар көңіліміз төрт ұлдан кейін дүниеге келген қызымызға ауып кеткен соң, қызғаныштан қарындасын өлтіруі мүмкін, - дейді қара жамылған ана.

Қазір қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.  

«Жаркент қаласында үш айлық нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажет сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды», - деді Жетісу облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.