Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Миллиардтаған қаржы жымқырған Нұр-Сұлтан әуежайы қызметкерлеріне сот үкімі шықты

Елорда әуежайының бас есепшісі Әлия Бабашева Нұр-Сұлтандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шенеуніктеріне 16 миллион теңге пара берді деген күдікке ілінгені белгілі болды...

Миллиардтаған қаржы жымқырған Нұр-Сұлтан әуежайы қызметкерлеріне сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөз

Астана халықаралық әуежайында 1,6 миллиардтан астам теңге қаржыны жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. 

"Барлық сотталушылар бас бостандығынан айырылды: Ә.Бабашева (Әлия, бас есепші - ҚазТАГ) қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы үшін 11 жылға, Бабашев Е. (бас есепшінің күйеуі - ҚазТАГ) 8 жылға, қалғандары З.Палманова (бас есепшінің орынбасары - ҚазТАГ) , М.Сейітова ("Building NK" ЖШС директоры - ҚазТАГ), Б.Баяндина,  Б.Узденбаева, С.Илюбаева (есепшілер - ҚазТАГ) 7 жылға дейін", - деп хабарлады сот.

Бабашеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы ("Пара беру") және 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Басқалардың сеніп тапсырылған мүлкін ысырап ету") бойынша үкім шығарылды. Қалғандары ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабына сәйкес қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.

"Сот жоғарыда аталған адамдар 2016 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта жалған келісімшарттар мен қаржылық құжаттар бойынша ақшаны 33 заңды және жеке кәсіпкерлердің есеп айырысу шотына кейіннен қолма-қол ақшаны аудару арқылы 1,6 миллиардтан теңгені ұрлағанын анықтады", - деп нақтыланды сотта.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, Баяндинада кішкентай балалардың болуына және Илюбаеваның жүктілігіне байланысты, олар үшін жазаны орындау кейінге қалдырылды.

"Тергеу кезінде қамауға алынған сотталушылардың 20 нысаны - пәтерлер, үйлер, жер учаскелері, 312 298 мың теңге сомасындағы 5 көлік құралдары, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеу үшін 40,5 млн теңге сомасындағы қаражат жіберілді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

"Астана халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Радилбек Адимолда абайсыздық жасады, салдарынан ұрлық жасалды деп айыпталды.

"Сот салдары мен оның қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болмауына орай, Адимолда Р.-ның қолданылған бап бойынша іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деген қорытындыға келді", - деп хабарлады сот.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 24 мамырында елордалық әуежайдың бас есепшісі Әлия Бабашеваның Нұр-Сұлтандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шенеуніктеріне 16 миллион теңге пара берді деген күдікке ілінгені белгілі болған еді. Содан кейін акционерлік қоғамның 1,3 миллиардтан астам сомадағы қаражатын ұрлағаны туралы айтылды. Аударымдар жоқ келісімшарттар мен жұмыстарға жалған шот-фактуралар жазумен айналысатын 23 компанияның есеп айырысу шоттарына жасалған.