Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Балаларының көзінше сегіз келілік гантельмен соққыға жықты": Павлодарда ер адам жұбайын өлердей ұрып-соғып жансақтау бөліміне түсірді

Павлодарда ер адам жұбайын 12 жасар ұлы мен 7 жасар қызының көзінше 8 келілік гантельмен ұрып-соғып, әйелді оқиға орнында тастап кеткен, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Балаларының көзінше сегіз келілік гантельмен соққыға жықты": Павлодарда ер адам жұбайын өлердей ұрып-соғып жансақтау бөліміне түсірді
фото: Stan.kz

3 маусымда ер адам гантельмен әйелдің басынан ұрып, ванна бөлмесінде соққыға жыққан. Артынша іздерден арылу үшін үйді тазалап, гантельді сүртті. Әйелді жуындырып, киімін ауыстырып, залға апарған.  Содан кейін оны балалармен тастап, үйден кетіп қалды.

Түні бойы әйел екі литр қан жоғалтып, өле жаздаған. Күйеуі балаларына туыстары мен полицияға хабарласуға және есікті әлдекімге ашуға тыйым салды.

Таңертен әйелдің туыстары үйге келіп, жедел жәрдем шақырды. Алайда дәрігерлер оның тірі қалатынына сенбеді. Ол сегіз күн бойы жан сақтау бөлімінде болған. Екі баланың анасы қазір тірі, бірақ мүгедек болып қалды.

Жәбірленушінің әпкесі “НеМолчи” қоғамдық қорына жүгінді. Ол оқиғаны баяндап, бұл жағдай балаларға кері әсер еткенін түсіндірді. Олар шок алған.

“Балалар қорқып қалған, есікті ұзақ уақыт ашпай қойды. 7:15-те қоңырау шалып, олардан бейнехабарламадан анасын көрсетуді, есікті ашуды өтіндім, ұзақ көндірдім. Бейнеден қарағанда, қанға толы бассейн сияқты көрінді. Олар қан-қан анасының жанында отырды”, –  деді ол.

Жедел жәрдеммен бірге олар бір сағаттан астам уақыт пәтерге кіре алмай, сыртта тұрған. ТЖМ есікті бұзып кіруден бас тартты.

Әпкесінің айтуынша, жәбірленушіге екі ауыр ота жасалды. Бір ай ауруханада жатып, кейін әпкесі өз қолына алған. Қазір әйел екінші топтағы мүгедек, келесі жылдан бастап үшінші топқа өтеді. Бас сүйегі сынған. Сондай-ақ, оң көзінің көру қабілеті толықтай жоғалған. Бұрын балабақшада тәрбиеші болып істеген әйел жұмыс істеу қабілетінен де айырылды. Десе де желтоқсан айында ақша жетпей, отбасын асырау үшін қызметіне оралған.

Қылмыс бойынша ҚК-тің 106-бап 1-бөлігі Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен тергеу жүріп жатыр. Күдікті екі айға тергеу изоляторында болды

“Кейін ол өзіне қол салмақ болғандықтан, тамызда Алматыға психо-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді де, қазанда Талғардағы психикалық ауытқуды емдеу бөліміне жатқызылды”, – делінген әпкесінің хабарламасында. 

Жұбайының туыстары әйелдің орыс тілін білмейтінін пайдаланып, тараптардың татуласуы және моральдық және материалдық өтемақыдан бас тарту туралы қағаздарға алдап қол қойғызған. Қазір отбасыға ешкім көмектеспейді, қаскөйдің туыстары жәбірленушінің өзін кінәлап, ақша беруден жалтарып отыр. Мүгедек ана екі баланы өзі асырап отыр.

Қоғам белсендісі Дина Смайылова Павлодар полициясының бұл қылмысты кісі өлтіруге оқталу деп емес, істі тек қасақана ауыр зиян келтіру бойынша тергеп жатқанына наразылығын білдірді.

“Қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қайта саралауды, аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру әрекеті ретінде тергеуді талап етеміз. Бұл – жәбірленушінің құқығын таптау және цинизм! Неге балалардағы психотравманы ешкім тіркемеді!? Неліктен балалар жәбірленуші деп танылмайды?”, – деп жазды ол.

Павлодар полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Осы фактқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалып, қамауға алынды. Қалған деректер ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды”, – деді ПД баспасөз хатшысы.