Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Түркістанда 2 науқас орталықтардың бірінде өздеріне қол салған

Түркістан қаласындағы 1-арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі науқас бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсап, асылып қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда 2 науқас орталықтардың бірінде өздеріне қол салған
фото: m.politnavigator.net

Басқарма мәліметінше, екі науқасқа да «шизофрения» диагнозы қойылған. Екеуінің де екінші топтағы мүгедектігі бар. Бірі – 60 жаста, екіншісі – 46 жаста. Екеуі де асылып қайтыс болған. 

Екі адам да диагнозына сәйкес суицидке бейім. 60 жастағы азаматтың артынан 16 жылдан бері туыстары іздеп келмеген. Ал 46 жастағы азамат туыстарымен көрісіп тұрған, – делінген хабарламада. 

Қайғылы оқиға туралы туған-туыстары мен құқық қорғау органдарына хабар берілген. 

Полиция бұл туралы әзірге ақпарат бермеді.