Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Үсік шалған адамға алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек

Денсаулық сақтау министрлігі үсік шалған адамға алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Үсік шалған адамға алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек
Фото: ашық дереккөз

Зардап шеккен адамды жылыту үшін оны жылы үй-жайға әкеліп, ыстық шай немесе сүт берген дұрыс. Зақымданған аяқ-қолдарды жылы жапқышпен орау қажет.

«Егер үсік шалу шамалы болса, қолдың саусақтарын қолтықтың астына тығу арқылы жылытуға болады. Егер мұрынды үсік шалса, оны жылыту үшін қолдың жылуы жеткілікті. Терінің жылыған аймағының қайтадан тоңуына жол бермеңіз. Тін жиі қатып, жылынатын болса, соғұрлым зақымдануы мүмкін», - деп ескертті ведомстводан.

Егер бетті немесе мұрынды үсік шалса, жылыту үшін оларды аязда ысқылауға, содан кейін зардап шеккен адамды үй-жайға апаруға болады. Үсік шалған жерлерді қармен ысқылау ұсынылмайды. Қар одан сайын үсітеді, ал үшкір ұсақ мұздар теріні зақымдауы мүмкін.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін науқасты ауруханаға тез жеткізу керек, өйткені аздап үсік шалу да организмнің қорғану күшін төмендетеді