Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Көпбалалы ананың өліміне себепкер болған 3 акушер сотталды

Сондай-ақ, олардан жәбірленуші отбасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық залал өндірілді.

Көпбалалы ананың өліміне себепкер болған 3 акушер сотталды
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында босанған әйелдің өліміне жол берген 3 дәрігер бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

35 жастағы 5 баланың анасы 2018 жылдың қазан айында Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы орталық аурухананың перзентханасында қайтыс болды. Бірінші сот биыл 27 шілдеде өтті. Сосын Алматы облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық шағымды қайта қарап, 24 қарашада аталған іске нүкте қойды.

"63 жастағы хирург екі жылға бас бостандығынан айырылды. Оған көмек көрсеткен 33 жастағы акушер-гинекологқа 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 31 жастағы акушер-гинекологқа жазасын өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде оны да 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сонымен қатар, 3 дәрігердің барлығы 1 жыл мерзімге дәрігерлік жұмыспен айналысу құқығынан айырылды. Олардан жәбірленуші отбасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық залал өндірілді”, - деді ведомстводан.