БҚО-да көліктен үш жігіттің және қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
«08.01.2023 күні сағат 10:30 шамасында Зачаганск кентінің «Сартау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында автокөліктен 4 мәйіт табылды (2006 жылы туған қыз және 2 кәмелетке толмаған бала, сондай ақ 2004 жылы туған азамат)», - делінген хабарламада.
Өлімнің алдын ала себебі – көміртегі тотығымен улану.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.