Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қарағандыда ЖШС бухгалтері 25 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденген

Қарағандыда ЖШС бухгалтері 25 млн теңгені алаяқтық жолмен қалтасына басқан, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда ЖШС бухгалтері 25 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденген
фото: buhgal-ter.ru

Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөліміне жылжымайтын мүліктің операцияларымен айналысатын ЖШС-нің бірінің басшылығы жүгінген. Өйткені, компания басшысы мекеменің шотынан 25 млн теңгенің жоғалғанын байқаған. 

Осы факті бойынша полицияда ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы ЖШС-ге бухгалтерлік қызмет көрсеткен 46 жастағы күдікті әйелді ұстады. Ол ЖШС басшылығының сенімінге кіріп, алаяқтыққа барғанын мойындады.