Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Павлодар тұрғыны қарызын қайтара алмағандықтан өз еркімен түрмеге түсті

Павлодарда құмар ойынға тәуелді ер адам 12 миллион теңге ұрлап, бәстен жеңілген. Қарызын қайтара алмағандықтан, ол өз еркімен түрмеге түсті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Павлодар тұрғыны қарызын қайтара алмағандықтан өз еркімен түрмеге түсті
фото: Түсірілімнен скриншот

Ол өзінің зиянды әдетін қоя алмағандықтан, полиция өз еркімен берілді. Қарызын қайтаратын ештеңесі болмаған. Қазір ол колонияда жазасын өтеп, оңалтудан өтуде.

Елде "нашақорлық" диагнозы қойылған 9 тұтқын бар. Бірақ темір торда тәуелділікке ұшырағандар саны бірнеше есе көп. Олар “тәуелді” деген таңбадан қорқып, көбіне тек жеке практик-психологтарға жүгінеді. 

32 жастағы сотталушы құмар ойындарына салынғанына 13 жыл болған. Оның айтуынша, бірінші рет бәс тігуді досы ұсынды. Сол кезде мың пайыздық ұтысқа ие болған. Осылайша қызығушылығы артты. Алғашында жеңіске жетіп, демалыс күндері айлық жалақысын екі- үш есеге арттыра алды. Жеңіле бастаған кезде туыстарынан қарыз ала бастады. Содан кейін банктерге барып, өз атынан, отбасы мүшелерінің атынан несие алған. Тіпті өзі жұмыс істеген микроқаржы ұйымынан 12 миллион теңге ұрлаған. Ақша үш айдан кейін таусылды.

“Маған онда ақшалар қолжетімді болды. Кіріп, ақша алдым да, кетіп қалдым. Балаларым, отбасым, әйелім болса да, ештеңе ойламаппын. Қазір өзімнен, бәстен жиіркенемін”, – деді сотталушы.

Ойынқұмар ер адам 50 миллион теңге жоғалттқан. Ол мұндай әрекетін абақтыға қамалғанда ғана қойды. Қазір колонияда қолөнер шеберханасында жұмыс істейді. Ағаштан шахмат жасайды. Мұнда психотерапиядан өтеді.

“Сотталған ойыншылармен жеке жұмыста біз нақты осы жағдайды, осы мәселені талдаймыз. Мәселенің шешу жолдарын іздейміз. Сотталушы босатылғаннан кейін қайта тәуелділікке түсіп кетпеудің жолдарын қарастырамыз”, – Павлодар облысы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК № 45 мекемесінің инспектор-психологы Алена Яроватая.

“Құмар ойынның кесірінен отбасылық жанжалдар, депрессия, мазасыздық пайда болады. Қайғыға батқан ойынқұмар алкоголь өнімдерін қолдана бастайды. Бізде мұндай пациенттер өте көп. Анамнезді жинау нәтижесінде негізгі фактор ойынға тәуелділік екендігі анықталып жатады, – деді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының аға дәрігері Мәди Тоқанов.

Құмар ойынға тәуелділік – психиатриялық аурудың ауыр түрі. Ремиссияға тек күнделікті өзін-өзі бақылау және терапия көмектеседі. Оңалтудың минималды курсы екі айдан өмірінің соңына дейін созылады.