Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Таразда зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам тұтқындалды

Тараз қаласының Полиция басқармасына алаяқтық дерегі туралы облыс орталығының 60 жастағы тұрғыны шағымданды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Таразда зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам тұтқындалды
фото: alataunews.kz

Азаматша ер адамның сеніміне кіріп, зейнетақы төлемдерін көбейтуге көмектесу сылтауымен оның 950 мың теңгесін алдап алып, иемденіп кеткенін хабарлады.

Алайда жәбірленушіге уәде етілген көмек те көрсетілмеген, ақшасы да қайтарылмаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, деп жазады Polisia.kz. 

Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азамат өз кінәсін толығымен мойындады.