Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда адамды гипноздайтын әйелдің суреті жарияланды (ФОТО)

“Видеода ақшаны сатушының өз қолымен әйелге бергені көрінеді”, - деді полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Алматыда адамды гипноздайтын әйелдің суреті жарияланды (ФОТО)
Фото: ашық дереккөз

Алматыда сауда үйінің сатушысы полицияға арызданды, деп хабарлады paryz.kz, Жетісу аудандық Полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сатушының айтуынша, өзін сығанға ұқсайтын әйел әңгімеге тартып, кассадағы ақшаны алып, ғайып болған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Алматыда осындай бірнеше оқиға анықталған.

"Ұсталған 1988 жылғы Р. есімді азамат негізінен сауда үйлерін айналшықтаған. Бейнебақылау камералары оның сауда үйіне кіріп, бутикті аралап, содан кейін кассадағы сатушымен әңгімелесе бастағанын көрсетті. Әңгімелесу барысында ол сатушыны бұрын бір жерден көргенін немесе оның алдында істеген сатушыны танитын секілді, осыған ұқсас секем туғызбайтын нәрселер айта бастайды. Осылайша әңгіме барысында ол гипнозды қолданып, кассадағы ақшаны иемденеді. Видеода ақшаны сатушының өз қолымен әйелге бергені көрінеді. Содан соң ол жайбарақат кетіп қалды”, - деді Жетісу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Адам өз-өзіне келгенде ақшасын таппай қалады.

"Айта кету керек, күдікті бұрын осындай әрекеттері үшін сотталған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ, полицейлер гипнозға түспес үшін бөтен адамның көзіне қарамай, әңгімені бірден тоқтату керек екенін ескертіп отыр.