Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Медициналық көмек қолжетімді ме? - сауалнама

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді атады. 

Үкімет басшысының тапсырмасынан кейін Paryz.kz тілшісі тұрғындардың пікірін біліп, «Медициналық көмек қолжетімді ме?» деген сауалға жауап алып қайтты.

Медициналық көмек қолжетімді ме? - сауалнама
коллаж: Paryz.kz

Бірінші. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты халықтың тарапынан түсіп жатқан арыз-шағымдар көп.

Бірінші кезекте, дәрігерлік көмектің көлемі жеткіліксіз деп шағым айтуда.

Екінші. Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті. Бұл шұғыл шаралар қабылдауды және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізуді талап етеді.

Үшінші. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге ерекше назар аудару қажет.

Төртінші. Денсаулық сақтауды цифрландыру мәселесі маңызды. Бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда.

Барлық шаралар халыққа көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, пациенттердің деректер базасының құпиялылығы мен сақталуын жақсартуға бағытталуы тиіс.

Бесінші. Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлесіп, осы жылдың қараша айында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын келісуді және бекітуді қамтамасыз етуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.