Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыға құны 400 млн теңге тұратын гуманитарлық көмек заңсыз әкелінген

Егер тауарды сатқан жағдайда компания салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуі тиіс еді.

Пресечены факты незаконного импорта и экспорта медицинских изделий В ноябре текущего года транспортными прокурорами в...

Опубликовано Ернатом Сыбанкуловым Среда, 9 декабря 2020 г.
Алматыға құны 400 млн теңге тұратын гуманитарлық көмек заңсыз әкелінген
Фото: ашық дереккөз

Алматыға гуманитарлық жүк түріндегі 400 млн теңгелік медициналық жабдықтар әкелінді. Одан соң олар сатылды, деп хабарлады paryz.kz, Қазақстанның Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұловтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Прокурордың мәліметінше, қараша айында Алматы әуежайында 400 млн теңгеге медициналық мақсаттағы тауарлар импортталған. Көлік прокуратурасының мәліметінше, бұл медициналық заттар Алматыға гуманитарлық көмек түрінде әкелінді. Сондықтан оған кедендік салық салынбаған.

"Алайда, кейіннен тауарларды жеке компания гуманитарлық мақсаттарға қолданбай, сатып жіберген", - деп жазды Сыбанқұлов.

Егер тауарды сатқан жағдайда компания салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуі тиіс еді. Ал тауардың бағасы бойынша ол төлемнің құны – 40 млн теңге.

Осы іс "Экономикалық контрабанда" бабы бойынша тергеліп, кінәлі жауапкершілікке тартылды. Ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.