Жүргізуші оны байқамай соғып кетті деген болжам бар.
Қайғылы оқиға Алматының Бостандық ауданындағы супермаркеттердің бірінің тұрағында болды, деп хабарлады paryz.kz.
Мұстафин мен Біржан сал көшелерінің арасында орналасқан супермаркет тұрағының аумағында Nissan Pathfinder жол талғамайтын көлігі 34 жастағы әйелді қағып кетті.
Қайтыс болған адам тұрақта тұрған. Жүргізуші оны байқамай соғып кетті деген болжам бар.
Жарақат алған әйел бірден ауруханаға жеткізілді. Оны құтқару мүмкін болмай, алған жарақаттарынан көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері сараптама жасап жатыр.