Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Жаңажылдық шыршаның жанында қажеттілігін өтеген Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды

Жаңа жылдық шыршаның жанында қажеттілігін өтеген Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Paryz.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңажылдық шыршаның жанында қажеттілігін өтеген Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды
фото: Polisia.kz

28 желтоқсанға қараған түні келеңсіз оқиға облыс орталығының орталық алаңында болды. Бұзақылықтың айқын фактісі бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалды.
 

28 желтоқсан шамамен сағат 05:00-де алаңдағы мониторинг барысында бейнебақылау инспекторы Абылай хан алаңында бірі жаңа жылдық шыршаның жанындағы мұз мүсінінің қасында қажеттілігін өтеген екі әйелді байқады. Бұзақыны не шамдардың жарығы, не өтіп бара жатқан адамдар да ұялдырмаған. Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы жіберілді. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасалды.