Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

БҚО-да 1 жасар сәби сәбізге қақалып көз жұмды

Батыс Қазақстанда оқыс оқиға болды, – деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

БҚО-да 1 жасар сәби сәбізге қақалып көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға кеше түс мезгілінде болған.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 жас 7 айлық баланы анасы ауруханаға 13:20-да ес-түзсіз күйде жеткізген. Дәрігерлер балаға шұғыл көмек көрсеткенімен сағат 13:50-де көз жұмды.

Балаға «Механикалық асфиксия. Тыныс алу жолдарының бөгде затпен жабылуы (Тұншығу)» диагнозын қойды.

Кішкентай сәби сәбізге қақалып қалған.