Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тоқаев агломерацияларды дамыту туралы заңға қол қойды

1 қаңтар күні мемлекет басшысы "Агломерацияларды дамыту туралы»" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев агломерацияларды дамыту туралы заңға қол қойды
Фото: www.akorda.kz

Ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысы "Агломерацияларды дамыту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" – делінген хабарламада.

Бірінші жобалық құжат 2021 жылғы қазан айында шықты. 

2022 жылғы 27 қарашада мәжіліс "Агломерацияларды дамыту туралы" заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады.

Агломерацияларды дамытуға жағдай жасау туралы тапсырма мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берілген. Бұл ретте Мемлекет басшысы заңды 2022 жылдың соңына дейін қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Зәкіржан Күзиевтің түсіндіруінше, 500 мыңнан астам халқы бар қалалар агломерация орталығына айналуы мүмкін. Агломерацияға бір-бірімен күнделікті еңбек және өндірістік байланысы бар қала маңындағы аудандар кіреді.

2022 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының жалпы отырысында депутаттар "Агломерацияларды дамыту туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ оған тиісті түзетулер пакетін қабылдады және президентке қол қоюға жіберді.

Құжатты депутаттарға таныстырған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров негізгі заң жобасында "агломерация" терминінің анықтамасы мен агломерацияны анықтаудың тиісті өлшемшарттары бар екенін айтты.

Критерийлерге сәйкес, заң жобасы қабылданғаннан кейін Алматы, Астана, Шымкент және, мүмкін, басқа да облыс орталықтары "гломерация" ретінде айқындалады.

Негізгі және ілеспе заң жобалары шеңберінде облыс әкімдіктеріне қосымша 25 өкілеттік берілген: 11 өкілеттік – негізгі заң жобасы аясында, 14 өкілеттік – ілеспе заң жобасы аясында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.