Кейін итті қорлаған ер адам мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндірді.
Атырау облысында ер адам тоңазытқыш есігімен тұншықтырған Лаки есімді ит Америка Құрама Штаттарына ұшып кетті, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Атыраудағы "Мейірімді жүрек" қайырымдылық ұйымының жетекшісі Венера Манасова айтқан.
"Бүгін Лаки түнгі сағат үште Амстердам рейсі арқылы ұшып кетті. Ол Калифорнияға трансфермен бара жатыр. Оның жанында сол жерде тұратын шетелдік азамат бар. Лакидің жаңа иесінің есімі - Элин. Ол итті алуға рұқсатты жаздан бері күткен. Қазір Лакидің жаңа иесінен жаңалық күтіп отырмыз. Жеткеннен кейін олар бізге хабар берулері керек", - деді Манасова.
Еске сала кетсек, Атырау облысында итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған ер адамның видеосы желіде тарап, ол ұсталды. Кейін ол мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндірді. Зооқорғаушылар болса, итті тексеріп, оның жағдайын анықтады.
Итте дене жарақатының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған еді.