Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ұлытаудағы көк бөрі ескерткішін жұрт мультфильмдегі қасқырға ұқсатуда

Мысалы, Қалмұханбет Тұрсынов деген азамат: "Қасқырға ұқсаңқырамай тұр..." - десе, Самат Арын есімді желі қолданушы: "Бөрінің аузы тым үлкен сияқты ма, біртүрлі..." - деп ұнатыңқырамаған.

Ұлытаудағы көк бөрі ескерткішін жұрт мультфильмдегі қасқырға ұқсатуда
фото: коллаж

1 желтоқсан күні Ұлытаудың кіреберіс қапасына қасқырдың 10 метрлік ескерткіші орнатылды. Сол туралы роликте арасында "ойбай..." деп қойып, бір әйел "Ұлытаудың көкбөрісі атты ескерткіштің қазақ халқының бірлігі мен ынтымағына арнап қойылғанын" баяндаған, деп жазды paryz.kz.

Ескерткіш орнату рәсіміндегі ролик пен суреттерді Бақтияр Смағұлов атты азамат Facebook-тегі "Аңшының әңгімесі" тобына жариялаған. Алайда, оны көрген көпшілік ұлытаулық ұстынды кәдімгі көкбөріге ұқсата алмай отыр.

Мысалы, Қалмұханбет Тұрсынов деген азамат: "Қасқырға ұқсаңқырамай тұр..." - десе, Самат Арын есімді желі қолданушы: "Бөрінің аузы тым үлкен сияқты ма, біртүрлі..." - деп ұнатыңқырамаған. Ал Нұрмұхамметәли Қарабаев: "Мутфильмдегі қасқырға ұқсайды", - деп күлсе, Дархан Қасенов: "Мынау "Ну погоди!" мультфильміне ескерткіш пе?" - деп жорта білмегенсіп отыр. Бұл ретте нақтысын пікір білдірушілердің бірі Айтбай Апеков айтқан сияқты. "Жақсы екен. Бірақ "Маша и медведь" деген мультиктегі қасқырға қатты ұқсас", - деді ол.

Тағы оқи отырыңыз: 9-метрового волка установили в Карагандинской области

Сонымен қатар, Ербол есімді жігіт: "Қасқыр – жыртқыш аң. Оған ескерткіш қойып не керегі бар? Одан да сол ауылдың мықты тұлғаларының немесе мықты аңшы болған ақсақалдың ескерткішін қойса...", - деген ұсынысын айтқан.