Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі күшейеді

Бұған дейін ел президенті әлеуметтік осал топтың қарыз жүктемесін азайту үшін маңызды шешім қабылдаған еді.

Коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі күшейеді
Фото: ашық дереккөз

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, 170 мың кәсіпкер мен 800 мыңнан астам жеке тұлға микроқаржы ұйымдарынан кредит алған, деп хабарлады paryz.kz.

Олардың 40 пайызға жуығы несие төлеу мерзімін өткізіп алған. Азаматтарды қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу үшін депутаттар микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттейтін заң жобасын жасаған еді. Бүгін Мәжіліс осы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұған дейін ел президенті әлеуметтік осал топтың қарыз жүктемесін азайту үшін маңызды шешім қабылдаған болатын. Осы орайда тұтынушылық несие нарығындағы тәуекелдер азайған. Дегенмен проблема әлі де баршылық. Заң жобасында коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігін арттыру қарастырылған. Себебі соңғы уақытта бұл қызметке қатысты шағым көбейген.