Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Маска тағу міндеттеле ме?

Елімізде ЖРВИ және тұмау жұқтырғандар саны 20 процентке өскен, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Маска тағу міндеттеле ме?
Фото: dezmarket.kz

Елімізде жедел респираторлық вирустан инфекция жұқтырғандар мен тұмауға шалдыққандар саны 20 процентке өскен. Бұл мамандарды алаңдатып отыр.

Бас санитариялық дәрігер адам көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды. Себебі, өзге елдерде де эпидахуал күрделі. Қытай ауруханалары коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдап үлгірмей жатыр.

Мамандардың айтуынша, Бейжің емханалары соңғы тәулікте 65 мың адамды қабылдаған. Алдағы 1-2 аптада бұл көрсеткіш 2 миллионға жетеді деген болжам бар. Ал Қырғызстанда вирустық инфекцияға байланысты балабақшалар уақытша жабылуы мүмкін. Ал мектептердегі сабақтар 28-желтоқсанға дейін онлайн режимде өтеді.

Дегенмен, Қазақстанда эпидахуал тұрақты. Науқастардың 99 пайызы сауыққан. Бірақ сақтық шараларын барынша ескеру керек дейді Бас санитар.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада сырқаттанушылық 3%-ке өсті. Сонымен қатар, 12 өңірде Р көрсеткіші 1-ден жоғары. Бұл инфекцияның өсіп отырғанын растайды. Осыған байланысты, бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес Р көрсеткіші 1-ден жоғары болған кезде адамдар көп жиналатын орындарға маска тағуды еске саламын,- деп атап өтті  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова.